Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневЖанкүйерлер, футбол
Жанкүйерлер, футбол - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2022
Жазылу
Ол ұлттық құрамада ең көп матч өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері болып Андрей Карпович тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.
"Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын. Жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады. ", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Молдоваға қарсы өтетін екі ойын Ұлттар лигасы аясында матчтар 24-ші және 29-шы наурызда өтеді.
© Photo : Пресс-служба Казахстанской федерации футболаФутболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері болып Андрей Карпович
Андрей Карпович - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2022
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері болып Андрей Карпович
Карпович "Елім-ай", "Ертіс", "Қайрат", "Локомотив", "Ордабасы", "Шахтер", "Атырау", "Алтай", сондай-ақ, ресейлік "Ростсельмаш" және мәскеулік "Динамо" клубтарында өнер көрсеткен. Ал бапкерлік мансабын "Қайрат" жүйесінде бастап, одан кейін 2 жыл "Оқжетпесті" жаттықтырды. 2021 жылдың басынан "Қызыл-Жардың" бас бапкері болған.
Сондай-ақ, бүгін Қазақстан футбол федерациясы басшылығының шешімімен Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Оның жетекшілігімен команда 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Украина құрамасымен екі рет тең (1:1 және 2:2) түскен. Одан кейін Босния мен Герцеговинамен тең ойнады. Осылайша, үш ұпаймен өз тобында соңғы орыннан көрінді.
Абзал Бейсебеков и Абат Аймбетов бегут впереди коллег по команде на тренировке ФК Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Спорт
"Астана" футбол клубы бюджетін жариялады
Жаңалықтар
0