Өңірлер

Боранда адасып кеткен: жоғалған ауыл тұрғыны өлі табылды

© Sputnik / В.Чистяков / Медиабанкке өтуБұрқасын, архивтегі фото
Бұрқасын, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
Жазылу
33 жастағы ер адам ауа райының қолайсыздығына қарамастан түнде бір ауылдан екіншісіне жолға шығып, хабар-ошарсыз кеткен
ПЕТРОПАВЛ, 15 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында тоғыз күннен кейін түнде боранда бір ауылдан екіншісіне кеткен тұрғынның өлі денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Есіл ауданының Покровка ауылында наурыздың 6-сына қараған түні Александровка ауылының 33 жастағы тұрғыны жоғалып кеткен.
Өткен аптаның соңында өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов мәлім еткендей, ер адам корпоративтік кештен кейін таңғы сағат 3-те Явленка ауылынан Покровка ауылына досының үйіне келген. Ал 3 сағат 30 минутта боран соғып тұрғанына қарамастан, Александровка ауылына қарай шығып кеткен, бұл ауыл шамамен 25 шақырымқашықтықта орналасқан.
Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен ол жұмыс істеген ұйым қызметкерлері із-түзсіз жоғалған азаматты 7 наурыздан бастап бір апта бойы іздестірді. Бірақ оның табылғаны туралы ешқандай хабар немесе ақпарат болған жоқ. 14 наурыз күні кешке ер адамның денесі табылғаны белгілі болды, мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Мәйіт Покровка ауылынан 13 шақырымдай жердегі Петровка ауылының маңынан табылған. Бұталардың арасында жатқан құрысқан денені жылқы іздеуге шыққан малшы көріп қалған.
Айта кетері, Петровка ауылы марқұм бет алған Александровка ауылының басқа жағында орналасқан. Ер адам жолдан адасып, қарсы жаққа жүрген болуы мүмкін.
Жаңалықтар
0