Оқиға

Бірнеше метрге ұшып түсті: Маңғыстауда көлік мектеп оқушысын қағып кетті – видео

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысында жолдан өтіп бара жатқан оқушы қызды көлік қағып кетті. Желіде оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, 14 наурызда Маңғыстау ауылының тұрғыны алты жасар қызды қағып кеткен. Оқушы рұқсат етілген жерден жолдан өтіп бара жатқан. Ал Opel Vectra алдындағы көліктердің тоқтағанына қарамай, қарсы жолаққа шығып, қатты жылдамдықпен мектеп оқушысын соққан.
Видеода соққының қатты болғаны көрініп тұр. Оқушы қыз бірнеше метрге ұшып кетті.
"Зардап шеккен қызды аудандық ауруханаға жеткізген. Оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді", - дейді полицейлер.
Ал көлік жүргізушісі Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы, 2-тармағы және 611-бабының 2 тармағы бойынша жауапқа тартылды. Оған ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.
Жаңалықтар
0