Ұланбатырдан ұшқан алғашқы тұрақты рейс Алматыға қонады

© Sputnik / Vladimir Astapkovich / Медиабанкке өтуПамятник Сухэ-Батору, Монголия
Памятник Сухэ-Батору, Монголия - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Жазылу
Рейс аптасына бір рет орындалады
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз — Sputnik. Бүгін Ұланбатыр – Алматы бағдары бойынша "Хунну эйр" әуе компаниясының алғашқы тұрақты рейсі Алматы халықаралық әуежайына қонады.
Моңғолиядан Алматыға бағыт алған алғашқы рейс бүгін сағат 15:00-де қонады.
Бизнес-класта 6 және эконом-класта 92 орын қарастырылған жолаушылар рейсі аптасына бір рет Embraer E190 ұшағымен орындалады.
Бұл бағытта әуе рейсін ашу аясындағы келіссөз 2019 жылдың қазанынан бері жалғасқанын айта кету керек.
"Жаңа рейстер іскерлік мақсатта жол жүретін және демалуға келген жолаушыларға Алматы қаласымен танысуға мүмкіндік береді. Жаңа рейс екі ел арасындағы экономика және мәдениет саласындағы жемісті ынтымақтастық мүмкіндіктерін ашып отыр", - деп мәлімдеді Алматы әуежайының баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0