https://sputnik.kz/20220318/dikiy-armandy-qamauga-alu-23612178.html
"Дикий Арманды" қамауға алу мерзімі ұзартылды
"Дикий Арманды" қамауға алу мерзімі ұзартылды
Sputnik Қазақстан
Ақпаратты бас прокуратураның баспасөз қызметі растады 18.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-18T09:23+0500
2022-03-18T09:23+0500
2022-05-23T14:54+0500
қамауға алынды
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22438809_224:199:1486:909_1920x0_80_0_0_186bf390c0731b9176fb987fc25dedf0.jpg
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ақпаратты бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.Ресми ақпаратқа сәйкес, Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Айта кетері, 11 қаңтарда Алматыда арнайы операция барысында Арман Жұмагелдиев ұсталып, сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Оның алдында 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны белгілі болды. Олардан түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді.Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Евгений Яворский өз клиентіне қатысты Бас прокуратура басшылығымен ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.Іс 2022 жылдың 1-10 қаңтары аралығында Қазақстан аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісі бойынша қаралып жатыр.Сондай-ақ, "Дикий Арманның" қылмыстық тобы бейбіт тұрғындарды көшеден ұрлап, полицияға жеткізген. Жуырда елдің бас прокуроры Берік Асылов ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің алты қызметкері осы қылмыстық топ ұрлаған 24 азаматты азаптады деп айыпталып отырғанын мәлімдеді. Салдарынан жәбірленушілердің барлығы дене жарақатын алған. Бір адам қаза болды.
https://sputnik.kz/20220212/dikiy-arman-turaly-zhazgan-artaev-qyzmetinen-ketti-22729414.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22438809_198:169:1185:909_1920x0_80_0_0_02102a6983cafae702f6df2df0a7dd95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
дикий арман қамау мерзім срок ареста статья бап
дикий арман қамау мерзім срок ареста статья бап
"Дикий Арманды" қамауға алу мерзімі ұзартылды
09:23 18.03.2022 (жаңартылды: 14:54 23.05.2022) Ақпаратты бас прокуратураның баспасөз қызметі растады
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ақпаратты бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды.
Айта кетері, 11 қаңтарда Алматыда арнайы операция барысында Арман Жұмагелдиев ұсталып, сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Оның алдында 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны белгілі болды.
Олардан түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді.
Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Евгений Яворский өз клиентіне қатысты Бас прокуратура басшылығымен ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Іс 2022 жылдың 1-10 қаңтары аралығында Қазақстан аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісі бойынша қаралып жатыр.
Сондай-ақ, "Дикий Арманның" қылмыстық тобы бейбіт тұрғындарды көшеден ұрлап, полицияға жеткізген. Жуырда елдің бас прокуроры Берік Асылов ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің алты қызметкері осы қылмыстық топ ұрлаған 24 азаматты азаптады деп айыпталып отырғанын мәлімдеді. Салдарынан жәбірленушілердің барлығы дене жарақатын алған. Бір адам қаза болды.