Оқиға

Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті: Ақтауда болған жол апаты видеоға түсіп қалды

© Photo : Rico_Loebжол белгісі
жол белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2022
Жазылу
Жүргізуші дәл сол қиылыста көліктің көп жүретінін біле тұра, бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кетемін деп ойлаған. Жол апатында үш адам зардап шекті
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Ақтау қаласында бағдаршамға тоқтамаған көлік жүргізушісінің кесірінен үш адам зардап шекті.
Көлік құралдарына да қатты зақым келген, деп хабарлайды Lada.kz порталы.
Көлік көп жүретін көшенің қиылысындағы жол апаты видеоға түсіп қалды. Жеңіл көлік бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай, өтіп кетеді.
Ал джип дәл алдынан бұрылады. Соққының қатты болғаны сонша, жол талғамайтын көлік аударылып кете жаздады.
Ресми мәліметке сәйкес, қиылыста Daеwoo Nexia мен Toyota Land Cruiser Prado соқтығысты. Жол апатында үш адам зардап шеккен.
"Үшеуін де Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізді. Біреуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. ", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Медициналық сараптама да тағайындалды. Сол кезде жол апатына кінәлі жүргізушінің ағзасында алкоголь немесе есірткі заттарының бар-жоғы анықталады.
Жаңалықтар
0