Спорт

Кукушкин Нидерландтың бірінші ракеткасын жеңді

© Photo : Пресс-служба Казахстанской федерации теннисаМихаил Кукушкин
Михаил Кукушкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Жазылу
Ойын бір сағат 51 минутқа созылды
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин ATP 1000 Miami Open турнирінің екінші айналымына өтті.
Бастапқы матчта Михаил екі сетте әлемнің 42-ракеткасы Нидерланд спортшысы Ботик ван де Зандсхулпті жеңді – 6:4, 6:4.
Бір сағат 51 минутқа созылған ойын барысында Кукушкин 12-ден үш үзіліс жасап, бір қателік жіберді. Жерлес теннисші Ботикпен жеке кездесулер есебі бойынша да алда - 2:0.
Турнирдің екінші раундында қазақстандық 26 наурызда Индиан-Уэллстегі жарыста жеңімпаз атанған америкалық Тэйлор Фрицпен ойнайды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Осы жарыстың жұптық сынында Александр Бублик Андрей Голубевпен бірге стартта Фелисиано Лопеске (Испания)/Стефанос Циципасқа (Греция) жол берді - 6:7(2:7), 4:6.
Юлия Путинцева - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2021
Спорт
Қазақстандық теннисші Голливуд жұлдызын тәнті етті – видео
Жаңалықтар
0