Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионы атанды

© Photo : Сайт велоклуба "Astana Pro Team"Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2022
Жазылу
Алексей Ваганов 24 шақырымдық сайыста бірінші болып келді
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Алексей Ваганов Душанбеде велоспорттан Азия чемпионатының жекелей жарысында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Рrosports.kz.
Велошабандоз 24 шақырымды 31 минут, 14.415 секундта жүріп өткен. Екінші орынды ирандық Мохаммад Дарзи Раманди (+0:45) иеленсе, Моңғолия өкілі Алтангерел Даваяргал (+0:54) үздік үштіктен көрінді.
Жаңалықтар
0