Әйелдің үстіне мұз құлады - видео қайда түсірілгені белгілі болды

© Sputnik / Kirill Kallinikov / Медиабанкке өтуМұз, әйел
Мұз, әйел - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
Зардап шеккен тұрғын ауруханаға жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Қазақстандық әлеуметтік желілерде әйелдің үстіне мұз құлаған сәттің видеосы тарап жатыр.
Бұл видео Ресейде түсірілгені белгілі болды. "Новосибирск онлайн" хабарлауынша, оқиға 31 наурызда Новосібір қаласында болған.
Көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен әйелдің үстіне мұз құлады. Соққы салдарынан ол қимылсыз жатты, куәгерлер көмекке келді.
51 жастағы әйел ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер денсаулығына қауіп жоқ екенін хабарлады.
Полицейлер оқиға орнын тексеріп, куәгерлерден жауап алды.
Жаңалықтар
0