Сүйеніш Әбділдин "Азаматтарға арналған үкіметті" басқарады

© "Правительство для граждан"Сүйеніш Әбділдин
Сүйеніш Әбділдин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Сүйеніш Әбділдин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Сүйеніш Әбділдин басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Министр Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ұжымына басқарманың жаңа төрағасын таныстырды.

Сүйеніш Әбділдиннің өмірбаяны

Сүйеніш Төлеуханұлы Әбділдин 2011 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша, 2014 жылы Ұлыбританиядағы Бирмингем университетін тәмамдаған. "Компьютерлік ғылымдар" мамандығы бойынша магистр.
Еңбек жолын 2011 жылдың қазан айында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да жетекші маман болып бастады.
2012-2013 жылдары "ЭПАМ Қазақстан" ЖШС-да бизнес-талдаушы қызметін атқарған.
2014 жылдан 2018 жылға дейін "Қазпочта" АҚ-да бірнеше лауазымда, одан кейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді. 2020 жылы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде кеңесші қызметін атқарды.
2020 жылдың қазан айынан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Мұнда ол фронт-офистерді үйлестіру, сапаны бақылау, бірыңғай байланыс орталығы және мемлекеттік корпорацияның IT саласына жетекшілік етті.
Жаңалықтар
0