Саясат

Тоқаев Сауд Арабиясы корольдігінің тақ мұрагерін Қазақстанға шақырды

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Жазылу
Мұхаммед бен Салман Әл Сауд шақыруды ілтипатпен қабыл алды
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшысы мен Тақ мұрагері сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыруға ерекше мән бере отырып, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытудың оң перспективаларын атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Тараптар екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды күшейту маңызды деп санайды.
Президент мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржылық қызмет көрсету және туризм сияқты салалардың әлеуеті зор екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салман Әл Саудты елімізге сапармен келуге шақырды. Тақ мұрагері шақыруды ілтипатпен қабыл алды.
Көшбасшылар бірін-бірі қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Жаңалықтар
0