Саясат

Жаңа үш облыс құрылады: жарлық жобасы Тоқаевтың қарауына енгізілді

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда ғимараты
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
Жаңадан құрылатын өңірлердің шекарасы айқындалды
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы жарлық жобасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына енгізілді, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылды. Жарлық жобасын дайындау кезінде аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде бірқатар жария тыңдау өтті.
Сонымен қатар Республикалық ономастика комиссиясы жаңа облыстардың атауын мақұлдады. Ауылдық елді мекендерде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Президент бастамасы жаңадан құрылатын өңірлердің тұрғындары мен қоғам белсенділері, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар қолдады.
"Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлердің шекарасы айқындалды. Үкімет қаулысымен президент қарауына тиісті жарлықтың жобасы енгізілді", - делінген хабарламада.
Айта кетері, 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Ұлытау облысы құрылатынын айтты. Оның орталығы Жезқазған қаласы болады. Ұлытау облысына Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалаларын, Жаңаарқа және Ұлытау аудандары қосылады.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы құрамынан Абай облысы бөлінеді. Екі облыстың құрамына қандай қала мен аудан кіретінін мына жерден көруге болады.
Ал Алматы облысы екіге бөлінеді: Алматы облысы және Жетісу облысы болады.
Жаңадан құрылатын Жетісу облысының аумағында 352 елді мекені бар 8 аудан және 2 қала кіреді. Алматы облысында 380 елді мекені бар 9 аудан және 1 қала болады.
Жаңалықтар
0