Оқиға

Ақтөбеде оқушы қыз өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді

© Sputnik / Anar MustafayevАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Жазылу
Полицияның болжамынша, оқушы қыз танысымен бірге өз анасын өлтірген
НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде анасын өлтірді деген күдікпен 16 жастағы мектеп оқушысы ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Күдіктілер – 16 жастағы оқушы қыз бен оның 19 жастағы танысы абақтыға қамалды", - деді полиция департаменті.
Ұсталғандар қыздың анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Басқа ақпарат қылмыстық істі тергеу аясында жария етілмейді.
Кулак, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Алматыда қартаң әйелді өлімші етіп сабаған туған ұлы болып шықты – оқиғаның мән-жайы
Жаңалықтар
0