https://sputnik.kz/20220515/ekibastuz-sholaq-myltyq-24818455.html
Екібастұз тұрғыны шолақ мылтықпен аулада жүрген
Екібастұз тұрғыны шолақ мылтықпен аулада жүрген
Sputnik Қазақстан
Ер адам ұсталды, қару тәркіленді 15.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-15T13:39+0500
2022-05-15T13:39+0500
2022-05-15T13:39+0500
мылтық
екібастұз
https://sputnik.kz/img/07e5/06/05/17257283_0:119:1280:839_1920x0_80_0_0_4e83977df421a3aba884b1c8333f24f5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Екібастұзда көпқабатты тұрғын үйдің ауласында шолақ мылтық ұстап серуендеп жүрген мас ер адам ұсталды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Жергілікті пабликте ер адам көппәтерлі үйдің ауласында шолақ мылтық ұстап жүргені жайлы видео жарияланды.Полиция бұл хабарламаға қатысты тез арада әрекет етті."Ер адам ұсталды, ол 33 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Оның қолында болған бір атар тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен 16 калибрлі екі патрон тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жолданды. Сараптама нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полиция.Құқық қорғаушылар ер адамның мас болғанын және есін жиғанға дейін айықтырғыш мекемеге жатқызылғанын мәлімдеді.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/05/17257283_2:0:1279:958_1920x0_80_0_0_891aedfef577cf480c08f9ff6aed8ceb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
мылтық, екібастұз
Екібастұз тұрғыны шолақ мылтықпен аулада жүрген
Ер адам ұсталды, қару тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Екібастұзда көпқабатты тұрғын үйдің ауласында шолақ мылтық ұстап серуендеп жүрген мас ер адам ұсталды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жергілікті пабликте ер адам көппәтерлі үйдің ауласында шолақ мылтық ұстап жүргені жайлы видео жарияланды.
Полиция бұл хабарламаға қатысты тез арада әрекет етті.
"Ер адам ұсталды, ол 33 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Оның қолында болған бір атар тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен 16 калибрлі екі патрон тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жолданды. Сараптама нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Құқық қорғаушылар ер адамның мас болғанын және есін жиғанға дейін айықтырғыш мекемеге жатқызылғанын мәлімдеді.