Өңірлер

Алматы облысында көшеге шығып кеткен көкпаршылар 10 тәулікке қамалды

© Photo : СС0 / nastogadkaЛошадь
Лошадь - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2022
Жазылу
Жуырда әлеуметтік желілерде бір топ көкпаршы Қаскелең көшелерімен жүріп, көлік қозғалысына кедергі келтіргені түсірілген видео тарады
ТАЛДЫҚОРҒАН, 18 мамыр — Sputnik. Қаскелең полициясы тұрғындардың өміріне қауіп төндірген ат жарысына қатысқан алты адамды ұстады.
Жуырда әлеуметтік желілерде бір топ көкпаршы Қаскелең көшелерімен жүріп, көлік қозғалысына кедергі келтіргені түсірілген видео тарады.
Бастапқыда ойын қала сыртында өткені белгілі болды. Бірақ кейінірек қала көшелеріне көшті. Ал ұйымдастырушы - бір жасар жиенінің құрметіне көкпар ұйымдастырған 66 жастағы зейнеткер.
"Қала тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне қауіп төндіргені, сондай-ақ оларға материалдық залал келтірген алты көкпаршы ұсталды. Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес ("ұсақ бұзақылық") әкімшілік іс қозғалды. Әрқайсысына он тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылды Сондай-ақ 614-баптың 1-бөлігі ("көлікке кедергі жасау") бойынша да тіркелді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0