Спорт

Финляндия хоккейден әлем чемпионы болды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуХоккей
Хоккей - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
Жазылу
Финляндия құрамасы тарихта төртінші рет әлем чемпионы атанып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Хоккейден әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Финляндия құрамасы Канада командасын қосымша уақытта жеңді.
Финляндияның Тампере қаласында өткен кездесудің негізгі уақыты 3:3 (0:0, 0:1, 3:2) есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Микаэль Гранлунд (45 және 46-минуттар) дубль жасады, Йоэль Армия тағы бір шайба соқты (55). Канадалықтардан Дилан Козенс (25), Зак Уайтклауд (58) және Максим Комтуа (59) көзге түсті. Овертаймдағы жеңіс голын Сакари Маннинен (67) соқты.
Финляндия құрамасы тарихта төртінші рет әлем чемпионы атанды. Финдер қазіргі Олимпиада чемпиондары.
Канада мен Финляндия құрамалары әлем чемпионатының финалында қатарынан үшінші рет ойнады. Өткен жылы канадалықтар қосымша уақытта – 3:2 есебімен жеңіске жетсе, 2020 жылы пандемияға байланысты турнир өткізілмеді, 2019 жылы финдер 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Хоккей - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Спорт
Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізу туралы өтінішін қайтарып алды
Жаңалықтар
0