Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттері арқылы жалған доллар сатылды

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуДоллар
Доллар - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 54 850 АҚШ доллары көлемінде жалған ақша сатқан қылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыскерлер жалған банкноттарды елорданың валюта айырбастау пункттері арқылы айналымға салған. Бұдан бөлек, банкоматтар арқылы жеке шоттарды, OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарын толтырып отырған.
"Сот үкімімен А.А.Жомарт, И.Х.Чекиев, Р.А.Иманбаев пен Б.Е. Төлеутай шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген ресми хабарламада.
Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды абай болуға және бейтаныс адамдардан шетел валютасын сатып алмауға кеңес берді. Жалған ақша белгілері анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарласу керек.
"Жасанды банкноттарды анықтау қылмыс болып табылмайды, алайда жалған ақша белгілерін сату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - дейді агенттік мамандары.
Жаңалықтар
0