Нұр-Сұлтандағы Қосшығұлұлы көшесі жартылай жабылды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Шаймерден Қосшығұлұлы көшесінің бір бөлігі жабылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Шаймерден Қосшығұлұлы көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Осыған байланысты 1-10 маусым аралығында Шаймерден Қосшығұлұлы көшесінде Кенжебек Күмісбеков көшесінен Шабал Бейсекова көшесіне дейінгі жолда автокөлік құралдары үшін қозғалыс тоқтатылды.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген көлік басқармасының хабарламасында.
 Нур-Султан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Елорда тынысы
Елордада солтүстік айналма жол учаскесі уақытша жабылды
Жаңалықтар
0