Спорт

Жалғас Жұмағұлов UFC-де америкалық қарсыласынан жеңіліп қалды

© Photo : Предоставлено организаторамиЖалғас Жұмағұлов
Жалғас Жұмағұлов - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2022
Жазылу
33 жастағы қазақстандық үшін бұл промоушендегі бес жекпе-жектегі төртінші жеңіліс
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Жалғас Жұмағұлов (14-7) UFC-дегі жекпе-жегінде америкалық қарсыласынан жеңіліп қалды. Ол UFC Vegas 56 турнирінде Джефф Молинамен (11-2) кездесті.
Жекпе-жектің үш раунды да өтті. Төрешілер шешімімен Молина жеңіске жетті. 33 жастағы қазақстандық үшін бұл промоушендегі бес жекпе-жегіндегі төртінші жеңіліс. Жалғаста ММА-де барлығы 14 жеңіс және 7 жеңіліс.
24 жастағы Молина қатарынан оныншы және UFC-де үшінші жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр.
Америкалық спортшы ММА-де 11 рет жеңіске жетіп, 2 рет жеңілді.
Жалгас Жумагулов - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2020
Спорт
Жалғас Жұмағұлов кімнің кесірінен жеңілгенін айтты
Жаңалықтар
0