Өңірлер

Атырау облысының тұрғыны үш миллион теңге айыппұлы бар көлік сатып алған

© Sputnikархив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2022
Жазылу
Полиция көлік сатып алмас бұрын алдын ала барлық құжатты тексеру қажеттігін ескертеді
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Атырау облысының тұрғыны үш миллион теңге айыппұлы бар көлік сатып алды, деп хабарлайды жергілікті "Ақжайық" басылымы.
Көліктің жаңа қожайыны 106 төленбеген айыппұл бар екенін білгенде есеңгіреп қалды.
6 маусымда Атырау полициясының жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген айыппұлдары көп Грузияда тіркелген Toyota Highlander автокөлігін анықтады. Көлік айып тұрағына жөнелтілді, ал иесі оны 3 күн бұрын сатып алғанын, 106 айыппұлдың бар екенін білмегенін айтты.
Полиция көлік сатып алмас бұрын алдын ала барлық құжатты тексеру қажеттігін ескертеді.
Жаңалықтар
0