Өңірлер

Ақтауда TikTok түсіремін деп суға батып кеткен жігіттің денесі табылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаАктау
Актау  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2022
Жазылу
Сүңгуірлер жігіттің денесін 15-шағын аудандағы жағалауда алты метр тереңдіктен тапты
АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Бүгін таңертең сүңгуірлер батып кеткен жігіттің денесін алты метр тереңдіктен тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"Бүгін, 8 маусым күні сағат 07:33 шамасында құтқарушылар 2004 жылғы суға батып кеткен жігіттің денесін тапты", – делінген хабарламада.
Іздеу жұмысына тартылған 15 құтқарушы және екі сүңгуір жігіттің денесін 15-шағын аудандағы жағалауда алты метр тереңдіктен тапты.
Еске салсақ, 2004 жылы туған жас жігіт, қала колледждерінің бірінің бірінші курс студенті, Бейнеу ауданының тумасы, 7 маусым күні Ақтаудағы 15-шағынауданға қарама-қарсы теңізге батып кетті.
ТЖД мәліметінше, жастар жағалауда TikTok желісіне арнап видео түсіріп жүрген. Үшеуі пирстен теңізге секірген, екеуі жағаға жүзіп шыққанымен үшінші жігіт суға батып кеткен.
Жаңалықтар
0