Өңірлер

Ақтауда кәріз құдығынан ай-күні жетпеген шақалақтың денесі табылды

© Photo : Jacqueline Macouсәби
сәби - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Жазылу
Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ақтауда кәріз құдығынан ай-күні жетпеген шақалақтың шаранасы табылды.
Бүгін, 9 маусымда сағат 11:51-де кезекші 102 пультіне 32 шағын ауданда кәрізден 9 айы толып, өмірге келмеген шарана табылғаны туралы шақыру түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған факт Қылмыстық кодекстің 001-бабы бойынша тіркелді.
Жаңалықтар
0