Атырауда жанжалдасқан жанкүйерлер айыппұл арқалады

© Pixabay / Andy03Футбольный мяч
Футбольный мяч - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Жазылу
Айыппұл салынғандардың 25-і - Ақтөбе тұрғындары
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. "Атырау" - "Ақтөбе" футбол матчы басталар алдында "Мұнайшы" стадионы маңында қос команда жанкүйерлері арасында болған төбелеске қатысушылар айыппұл арқалады.
Қатысушылардың екеуіне 15 315 теңге, қалғандарына 10 721 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлады atpress.kz.
Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, айыппұл салынғандардың 25-і - Ақтөбе тұрғындары.
"Әкімшілік жазаны тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Олардың жасаған әрекетіне өкінгені, отбасылық жағдайы, сондай-ақ алғаш рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының полицейлері "Атырау" - "Ақтөбе" командаларының футбол матчына дейін жаппай төбелеске қатысқаны үшін отыз адамды ұстады.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, төбелеске ұласқан жанжал 19 маусымда кешкі сағат 18:00-де "Атырау" - "Ақтөбе"командалары арасындағы матч басталар алдында болған.
Жаңалықтар
0