Петропавл тұрғыны гараждан жарылғыш зат тауып алды

© департамент полиции Северо-Казахстанской областиГраната
Граната - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Жазылу
Анықталғандай, табылған зат F-1 оқу гранатасы болып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Петропавлда зейнеткер гараждан оқу гранатасын тауып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 маусымда 61 жастағы Петропавл тұрғыны сатып алған гаражын тазалап жүріп, металл кастрюльден гранатаға ұқсас зат тауып алған. Қауіпті зат туралы “102” арнасына қоңырау шалып, полицияға хабарласқан.
Жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техник мамандар келгенше, зейнеткер затты сыртқа алып шыққан. Анықталғандай, табылған зат F-1 оқу гранатасы болып шықты.
Күдікті зат тауып алған жағдайда, дереу полицияға хабарлау керек. Ешқашан қауіпті затты орнынан жылжытуға тырыспаңыз. Мұндай әрекет қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін есте сақтаңыз.
Жаңалықтар
0