Қоғам

Көшбасшыларын қадір тұтпайтын халықтың келешегі бұлыңғыр - Тоқаев

© Sputnik / Тимур БатыршинҚазақстан туы
Қазақстан туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз елімізді құру ісіне сіңірген еңбегін бүкіл әлем қауымдастығы мойындады, деді Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Өз елінің дамуына лайықты үлес қосқан қоғамдық-саяси көшбасшыларын, ғылым және мәдениет қайраткерлерін қадір тұтпайтын халықтың келешегі де бұлыңғыр, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында.
Ол, әсіресе, қазіргі уақытта қоғамда орын алып жатқан қызу пікірталастар кезінде саяси әділдік мәселесі туралы ұмытпау қажет екенін айтты.

"Біз, қазақ халқы, саяси тұлғаларымыздың еңбегіне құрметпен, парасаттылықпен қарауымыз қажет. Бұл – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасына да қатысты ақиқат. Оның тәуелсіз елімізді құру ісіне сіңірген еңбегін бүкіл әлем қауымдастығы мойындады. Сондықтан, тұңғыш президенттің тарихи рөліне құрметпен қарау – бәрімізге ортақ міндет", - деді Тоқаев.

Айтуынша, оның саяси мұрасына келешек ұрпақ әділетті бағасын береді.
"Ал, қазіргі ұрпақ еліміз үшін табанды жұмыс істеуі керек. Біз бәріміз халық ретінде, ең алдымен, еңбекқор болуымыз қажет. Саяси ойындарға тосқауыл қойған жөн. Көп сөздің қажеті жоқ, нақты іске көшуге тиіспіз. Басты міндет – осы", - деді президент.
Мемлекет басшысы өткенге жалтақтамай, болашаққа зор сеніммен қадам басу керектігіне тоқталды.
Президент ел үшін стратегиялық міндетті атады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Президент ел үшін стратегиялық міндетті атады
Жаңалықтар
0