Әлем

Египетте акуланың шабуылынан егде жастағы әйел көз жұмды

© Photo : Andrea BohlАкула
Акула - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Египеттің оңтүстігінде жұма күні Австрия азаматы акуланың шабуылынан көз жұмды. Бұл туралы "Аль-Ахбар" ақпарат порталы хабарлады.
Дәрігерлердің айтуынша, 68 жастағы әйелге акула шабуыл жасаған. Ол ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Дәрігерлер реанимациялық шараларды қолға алғанымен, науқасты аман алып қала алмады.
Оқиға Хургада қаласының оңтүстігіндегі Сахль-Хашиште болды. Марқұм мысырлық азаматқа тұрмысқа шыққаннан кейін Египетте тұрған.
Қайғылы оқиғадан кейін билік қауіпсіздік мақсатында үш күнге осы ауданда шомылуға және су астына түсуге тыйым салды. Мамандар акуланың агрессивті қылығының себептерін анықтауды жоспарлап отыр. Әдетте мұндай жыртқыштар адамдарға шабуыл жасамайды.
Соңғы рет акула шабуылымен байланысты оқиға екі жыл бұрын Синайдағы Рас-Мухаммед қорығында тіркелді. Ол кезде жыртқыш үш адамға тап берген, бәрі аман қалды.
Соңғы жылдардағы ең қайғылы оқиға 2010 жылдың аяғында Шарм-эш-Шейхте болды. Акуланың шабуылынан Германиядан келген әйел ажал құшты, тағы үш ресейлік ауыр жарақат алды.
Жаңалықтар
0