Өңірлер

Алматы әкімі жалақысы мен 2 млн теңгенің курткасы туралы сұраққа жауап берді

© Photo : Служба центральных коммуникацийЕрболат Досаев
Ерболат Досаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2022
Жазылу
Алматы әкімінің жалақысы – 980 мың теңге
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев ай сайын 980 мың теңге жалақы алады. Бұл туралы ол елордада орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Журналистер астанаға БАҚ өкілдерімен кездесуге келген Алматы әкімінен жалақысы туралы сұрады.
"Алматы әкімінің жалақысы – 980 мың теңге. Бұл лауазымдық еңбекақы. Бізге кейде барлық мемлекеттік қызметкерге сияқты сыйақы береді", - деп жауап берді Досаев.
Айта кетері, күзде Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов 1 978 188 теңге алатынын айтқан еді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Ерболат Досаевтың 2,2 миллион теңге тұратын сырт киімі (Loro Piana бренді) қызу талқыға түскен еді. Баспасөз мәслихатында мегаполис әкімі бұған қатысты да түсініктеме берді.
Досаев мемлекеттік қызметте болмаған жылдары бизнеспен айналысқанын айтты. Кәсіпорындарда үлесі болған.
"2012 жылы қыркүйекте министр болып қайта оралдым. Содан бері мемлекеттік қызметте жүрмін. Табысым бар, декларацияланған, барлық салығы төленген. Сол себепті бәрі айтып жүрген куртканы сатып алуға шамам жетеді. Ол Loro Piana-дан емес, мен оны бес жыл бұрын сатып алған едім. Ер адамдар сіздер сияқты маусым сайын киім ауыстырмайды. Өздеріне ыңғайлы киімді киеді. Айтайын дегенім, мен кедей емеспін, қандай да бір істермен айналысқалы жатқан жоқпын", - деп түсіндірді Досаев.
Алтай Көлгінов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2022
Көлгінов балалары қайда оқитынын айтты
Жаңалықтар
0