Елорда тынысы

Елорданың қақ ортасында әуе шары құлады

© Sputnik / Владислав ВодневВоздушный шар в Нур-Султане
Воздушный шар в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2022
Жазылу
Оқыс жағдайдан ешкім зардап шекпеді
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. 6 шілдеде Нұр-Сұлтанда адамдармінген әуе шары құлады. Оқиға қаланың қақ ортасындағы Нұржол желекжолында болды, деп хабарлады "Хабар 24".
Көкте қалықтаған шарда бірнеше адам болған. Оқыс жағдайдан ешкім зардап шекпеді.
Қатты желдің әсерінен шар жерге қатты құлап барып, қонғаны байқалады. Маңайдағы адамдар дереу көмекке ұмтылған. 112 қызметіне бұл жайтқа қатысты ешқандай қоңырау түспеген.
Бұған дейін қалалық төтенше жағдайлар департаменті 6 шілдеде дауыл тұруы мүмкін екенін ескерткен еді.
Жаңалықтар
0