Өңірлер

Теңіз кен орнындағы апат: қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі

© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZONАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2022
Жазылу
Полиция департаменті "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу бастады
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Теңіз кен орнында құбыр жарылысынан қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі.
Апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылуда. Соның аясында тиісті жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өңір басшысы Серік Шәпкенов төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізгенін мәлімдеді.
"Серік Шәпкенов қаза болған жұмысшылардың отбасына қайғырып көңіл айтты. Ол көз жұмған және зардап шеккен қызметкерлердің отбасына қажетті материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті. Бұған қоса, өңір басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жарақат алған жұмысшыларға қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 6 шілде күні Теңіз кен орнында құбыр жарылды. Салдарынан екі адам қаза болды, тағы үшеуі зардап шекті.
Оқиға орнында "Сенімді Құрылыс" ЖШС жұмысшысы көз жұмды, ал "Агропром техника" компаниясының қызметкері ауруханада жан тапсырды. Басқа мердігерлік ұйымдардың үш жұмысшысы жарақат алды.
Зардап шеккендердің бірі "Теңізшевройл" ЖШС-ға тиесілі ұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен екінші жұмысшы Жылыой аудандық ауруханасына жатқызылды. Ол жамбас буынының жабық жарақатын алды. Қазір жағдайы орташа. Үшінші жұмысшыға "ТШО клиникасы" медициналық мекемесінің қызметкерлері психологиялық көмек көрсетіп жатыр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2022
Оқиға
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі жұмысшы көз жұмды
Жаңалықтар
0