ҰБТ-да орташа ұпай 66 балл болды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Биыл ҰБТ бойынша орташа көрсеткіш алпыс бес балл болды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, 154 мың талапкер екі мүмкіндікті есептегенде ҰБТ-ны 276 мың рет тест тапсырған.
Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 67%-і. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7%-ке жоғары. Тестіленушілердің 51 мыңға жуығы (33%-і) шекті балл жинай алмады.
"ҰБТ бойынша орташа балл 66 ұпайды құрады. Биыл ең жоғары балл – 139. 3179 оқуға түсуші 120 балдан жоғары жинады", - деді Емелбаев.
Орталық директоры биыл ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды кіргізу және ҰБТ ережелерін бұзу саны біршама азайғанын ерекше атап өтті.
Жаңалықтар
0