Спорт

Нокаутпен жеңген қазақстандық боксшының рейтингі жақсарды

© Sputnik / Тимур БатыршинБокс
Бокс - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2022
Жазылу
Дүниежүзілік бокс кеңесі барлық салмақ санаты бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Өткен айда аргентиналық Себастьян Орасио Папескиді нокаутпен жеңген Мейірім Нұрсұлтанов орташа салмақ рейтингінде оныншы орыннан сегізінші орынға көтерілді, деп жазады Sports.kz сайты.
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санаты бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды:
WBC International чемпионы Жан Кособуцкий 15-ші орыннан 12-ші орынға көтерілді;
Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев бір саты төмен түсіп, 36-шы орынға табан тіреді;
Екінші орта санатта Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов 19-шы және 20-шы позицияларды сақтап қалды;
Бірінші орта дивизионда Садриддин Ахмедов 28-орында қалды.
Орта салмақ дәрежесінде Данияр Елеусінов 21-ші орынға ие болды.
WBC Youth чемпионы Талғат Шайкин 32-ші орынға, яғни екі позицияға көтерілді;
Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша 25-орында қалды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2022
Рингте есінен айырылып, көлеңкемен жұдырықтасқан боксшы көз жұмды
Жаңалықтар
0