Саясат

Тоқаев Қырғызстанға барды

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанК.-Ж. Токаев прибыл в Чолпон-Ату
К.-Ж. Токаев прибыл в Чолпон-Ату - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2022
Жазылу
Президент ертең Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысады
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына келді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы 21 шілдеде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысады.
Президентті әуежайдан Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы транспорт министрі Эркинбек Осоев, Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қарсы алды.
© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанҚасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Ата қаласына барды
К.-Ж. Токаев прибыл в Чолпон-Ату - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Ата қаласына барды
Жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуалға байланысты өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырмақ.
Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.
Жаңалықтар
0