Өңірлер

Алматы облысы тауларында жігіт пен қыз жоғалып кетті

© Sputnik /Адиль СаптаевЖивописные виды близ озера Жасыбай
Живописные виды близ озера Жасыбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2022
Жазылу
Жедел құтқару жасағының құтқарушылары екі жарым сағаттан соң жас жұпты Рахат шыңынан сәл жоғары жерден тапты
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Құтқарушылар өз күштерін есептемей, күн батқаннан кейін өз бетімен таудан түсе алмай қалған жас жұпты таудан түсірді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 20 шілде күні Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Ақбұлақ тау курортында 2003 жылғы ер адам мен 2006 жылғы қыз арқанды жолмен түсіп, әрі қарай Рахат шыңына жаяу шығуды ұйғарған. Олар тауға шығуды түскі уақытта бастағанымен, шыңға жеткенде кеш бата бастады.
Сол сәтте таудан түсуге қиналатындарын түсінген жас жұп республикалық жедел құтқару жасағына хабарласып, көмекке жүгінді. Сағат 22.15 те жеті адамнан және бір кинологиялық қызметкерден тұратын жасақ көмекке шықты. Күннің ұясына кіріп, қараңғы түсуі іздеп шараларына қиындық туғызды. Жедел құтқару жасағының құтқарушылары екі жарым сағаттан соң жас жұпты Рахат шыңынан сәл жоғары жерден тапты. Биіктігі 3400 метрді құрайды.
Құтқарушылар оларға психологиялық тұрғыдан және басқа да керек көмек көрсетті. Таңғы сағат 4-те РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккендермен бірге Ақбұлақ тау курортының арқанды жолына түсті. Екі сағат бойы құтқарушылар зардап шеккендерді таудан түсірді. Таңертең жастар РЖҚЖ көлігімен Ақбұлақ базасына жеткізілді. Қызметкерлер жастарға таудағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндірді.
Құтқарушылар табиғатқа шықпас бұрын өз мүмкіндіктерін есептеп, ауа-райы жағдайымен танысып, көтерілу және түсу кезінде асықпау, төтенше жағдай кезінде өздерін қажетті заттармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ескертеді. Өзіңізбен бірге пауэрбанк, су өткізбейтін пакеттегі сіріңкелер болуы міндетті.
Жаңалықтар
0