Саясат

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің Telegam-дағы аккаунты бұзылды

© Sputnik / Абзал КалиевЕрлан Қарин
Ерлан Қарин - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegam-дағы аккаунтының бұзылғанын мәлімдеді.
"Өкінішке қарай, менің атымнан достарыма және таныстарыма Telegam-ға ақшалай көмек туралы түрлі жалған өтініштер түсіп жатыр. Бұл жалған ақпарат екенін айтқым келеді. Қырағы болыңыздар", - деп жазды мемлекеттік кеңесші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қариннің айтуынша, соңғы бірнеше апта бойы әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзу, жалған аккаунт құру жағдайлары жалғасуда.
Қаскөйлердің әрекетінен көптеген танымал тұлғалар – бизнесмендер, блогерлер мен қоғам қайраткерлері зардап шеккен.
Биыл 14 маусымда Ерлан Қарин Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ол мемлекеттік хатшы болған еді.
Айта кетері, Қазақстанда мемлекеттік хатшы лауазымы жойылып, оның орнына мемлекеттік кеңесші қызметі пайда болды.
Жаңалықтар
0