Полиция аулаға дейін кіріп кеткен көкпаршыларды іздестіріп жатыр – видео

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Алматы облыстық полиция департаменті тәртіп бұзған көкпаршыларды іздеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде көкпаршылардың видеосы тарады. Шабандоздар көшеде ойнап, үйлердің ауласына дейін кіріп кеткен. Соның салдарынан көлік кептелісі болды. Аулада тұрған көліктерге зақым келген.
Алматы облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 24 шілде күні Кеңдала аулындағы фазендада көкпар ұйымдастырылды. Сол кезде ойынға қатысқан шабандоздар көшеге шығып кетті.
Көкпарға Еңбекшіқазақ ауданының Қайназар, Рақат пен Қазақстан ауылдары, сондай-ақ, Талғар ауданындағы Туғанбай ауылының жігіттері қатысқан.
"Қазіргі кезде қатысушыларды анықтау және іздестіру шаралары басталды", - дейді полицейлер.
Ал департамент басшылығы тексерісті жеке бақылауына алды.
Жаңалықтар
0