Тоқаевтан сөгіс алған министрлер: әділ сын айтылды

© Sputnik / Владислав ВодневЕрбол Карашукеев
Ербол Карашукеев - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2022
Жазылу
14 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар министрдің жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтты
НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Жуырда үкіметтің кеңейтілген отырысында президенттен сөгіс алған сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мемлекет басшысының сыны туралы не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Иә, сұрақ өте әділ қойылды. Айтылған сын өте дұрыс. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Біздің алдымызға нақты міндеттер, жұмысымыздың тиімділігін арттыру міндеті қойылды. Біз ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге іс-шаралар әзірледік", - деді Бақыт Сұлтанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол жүргізіліп жатқан жұмыс жайлы министрлік жұртшылыққа және президентке баяндайтынын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те Тоқаевтың сыны әділ екенін айтты.
"Біз жұмысымызда олқылық кеткенін білеміз. Өз баяндамамда мен қантқа байланысты субъективті және объективті факторлар болғанын көрсеттім. Біз қазір жағдайды түзету және жұмыс тиімділігін арттыру бойынша қажетті шараларды қолға алып жатырмыз", - деді Қарашөкеев.
Еске салсақ, 14 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар министрдің жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтты.
Дәлірек айтқанда, мемлекет басшысы қант төңірегіндегі проблема үшін Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады.
Жаңалықтар
0