https://sputnik.kz/20220806/nur-sultanda-anasy-bala-26570769.html
Нұр-Сұлтанда анасы баласын бір ай бойы балабақшада қалдырған - сәби қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда анасы баласын бір ай бойы балабақшада қалдырған - сәби қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан сотында ата-ана құқығынан айыру туралы жантүршігерлік іс қаралды. Кенже қызы қайтыс болғаннан кейін әйелге үлкен қызын... 06.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-06T17:37+0500
2022-08-06T17:37+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
ана
бала
балабақша
астана
https://sputnik.kz/img/786/95/7869550_0:0:3412:1919_1920x0_80_0_0_bfde7a96ebdd75eea1b09ee9e3c3d60c.jpg
АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан сотында ата-ана құқығынан айыру туралы жантүршігерлік іс қаралды. Кенже қызы қайтыс болғаннан кейін әйелге үлкен қызын тәрбиелеуге тыйым салынды. Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің екі баласы болған. Кіші қызын рұқсат құжаттарынсыз үйде жұмыс істейтін жеке меншік балабақшаға тәулік бойына тапсырған. Балабақшаға ақы төлемеген, қызына бір айдан астам уақыт келмеген. Үлкен қызы әжесінің бақылауында болған. Осылайша, анасы бала тәрбиесінен шеттетілген. Барлық жағдайды ескере отырып, сот шешімімен әйел үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілді. Баланың болашақ тағдырын анықтау үшін үлкен қызы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына берілді. Анасынан алимент өндіріп алынды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/786/95/7869550_373:0:3292:2189_1920x0_80_0_0_5a8166c84d37981c04cc907444ec8da6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
ана, бала, балабақша, астана
ана, бала, балабақша, астана
Нұр-Сұлтанда анасы баласын бір ай бойы балабақшада қалдырған - сәби қайтыс болды
17:37 06.08.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан сотында ата-ана құқығынан айыру туралы жантүршігерлік іс қаралды. Кенже қызы қайтыс болғаннан кейін әйелге үлкен қызын тәрбиелеуге тыйым салынды.
Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің екі баласы болған. Кіші қызын рұқсат құжаттарынсыз үйде жұмыс істейтін жеке меншік балабақшаға тәулік бойына тапсырған. Балабақшаға ақы төлемеген, қызына бір айдан астам уақыт келмеген. Үлкен қызы әжесінің бақылауында болған.
Осылайша, анасы бала тәрбиесінен шеттетілген.
"2022 жылы сәуірде жеке үйдегі балабақшада болған кіші қызы көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Баланың денесінде көптеген дене жарақаты болған", – деп атап өтті сотта.
Барлық жағдайды ескере отырып, сот шешімімен әйел үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілді. Баланың болашақ тағдырын анықтау үшін үлкен қызы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына берілді. Анасынан алимент өндіріп алынды.