Марат Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

© Photo : служба центральный коммуникацийМарат Омаров
Марат Омаров  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Омаровты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы етіп тағайындады.
"Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - делінген жарлықта.
Бұған дейін ведомствоны басқарған Серік Жұманғарин бір күн бұрын Бақыт Сұлтановтың орнына Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы қызметіне ауысқан болатын.

Марат Омаровтың өмірбаяны

Марат Талғатұлы Омаров 1988 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келген.
2010 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша британиялық Йорк университетін, 2011 жылы Лондон экономика және саясаттану мектебінің (LSE) магистратурасын бітірген. "Әлеуметтік ғылымдар магистрі" мамандығын алған.
Еңбек өтілі:
Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрінің (кейіннен – экономика және бюджеттік жоспарлау, ұлттық экономика) кеңесшісі (2012-2014);
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары (2014-2016);
"Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры (2016-2017);
"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ басқарма төрағасы, трансформациядан кейін – "QazTech Ventures" АҚ ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрылымына кіреді) басқарма төрағасы (04.2017-05.2019);
"Бәйтерек" холдингінің басқарушы директоры – басқарма мүшесі (05.2019-10.2020);
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (10.2020 жылдан бастап).
Серік Жұманғарин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Серік Жұманғарин жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтар
0