Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуФутбол добы
Футбол добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2022
Жазылу
"Бавария", "Барселона" және "Интер" бір топқа түсті
НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Бейсенбі күні Стамбұлда Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.
2022 жылғы футболдан әлем чемпионатына байланысты сегіз аптаға дейін қысқартылған топтық кезең матчтары 6-7 қыркүйек, 13-14 қыркүйек, 4-5 қазан, 11-12 қазан, 25-26 қазан және 1-2 қарашада өтеді.
Чемпиондар лигасының финалы 2023 жылы 10 маусымда Стамбұлдағы Ататүрік стадионында өтеді.
Топтардың құрамы:
А тобы – "Аякс" (Нидерланды), "Ливерпуль" (Англия), "Наполи" (Италия), "Рейнджерс" (Шотландия);
B тобы – "Порту" (Португалия), "Атлетико" (Испания), "Байер" (Германия), "Брюгге" (Бельгия);
D тобы – "Айнтрахт" (Франкфурт, Германия), "Тоттенхэм" (Англия), "Спортинг" (Португалия), "Марсель" (Франция);
С тобы - "Бавария" (Германия), "Барселона" (Испания), "Интер" (Италия), "Виктория Плзень" (Чехия);
E тобы – "Милан" (Италия), "Челси" (Англия), "Зальцбург" (Австрия), "Динамо" (Загреб, Хорватия);
F тобы – "Реал" (Испания), "Лейпциг" (Германия), "Шахтер" (Украина), "Селтик" (Шотландия);
G тобы – "Манчестер Сити" (Англия), "Севилья" (Испания), "Боруссия" (Дортмунд, Германия), "Копенгаген" (Дания);
H тобы – "Пари Сен-Жермен" (Франция), "Ювентус" (Италия), "Бенфика" (Португалия), "Маккаби" (Хайфа, Израиль).
Әр топтан үздік екі команда плей-офф кезеңінің 1/8 финалына шығады.
Үшінші орын алған командалар ойынды Еуропа лигасында жалғастырып, өз топтарында екінші орын алған командалармен турнирдің 1/8 финалының жолдамасын сарапқа салады.
Жаңалықтар
0