Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдатылады

© Sputnik / Табылды Кадырбековархив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отбасында ойран салатындарды қатаң жазаға кесу керек деп санайды. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысы отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүргенін айтты.
Десе де құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады.
"Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет, деп түйіндеді сөзін президент.
Жаңалықтар
0