Жолбарысты тарихи отанына қайтару бағдарламасы таныстырылды

© Photo : Предоставлено WWF Центральная АзияАмур жолбарысы
Амур жолбарысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан жолбарысты тарихи тіршілік ортасына қайтару бағдарламасын таныстырды. Жобаны Владивостокта өткен екінші халықаралық форумда Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова таныстырды.
Бағдарламада Оңтүстік Балқаш аймағы аумағының бөліктері бойынша егжей-тегжейлі экспозиция қамтылған, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігіне экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан осыдан 12 жыл бұрын жер бетінде жолбарысты сақтауға байланысты проблемаларға арналған бірінші халықаралық форумда жабайы мысықты табиғатқа қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.
Жеті жылдан кейін Қазақстан, Ресей және басқа да елдердің ғалымдары бірлесе жүргізген жұмыстың нәтижесінде елде жолбарысты реинтродукциялау бағдарламасы әзірленді. Бұл құжатты Халықаралық табиғатты қорғау одағының жабайы мысықтар бойынша сарапшылар тобы қолдады.
© PhotoЖабайы табиғат дүниежүзілік қорының (WWF) Қазақстандағы өкілдігінің директоры Григорий Мазманянц
Жабайы табиғат дүниежүзілік қорының (WWF) Қазақстандағы өкілдігінің  директоры Григорий Мазманянц - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жабайы табиғат дүниежүзілік қорының (WWF) Қазақстандағы өкілдігінің директоры Григорий Мазманянц
2017 жылдың қыркүйегінде Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) мен Қазақстан үкіметі арасында осы бағдарламаны елімізде жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды.
2018 жылы "Іле-Балқаш" мемлекеттік қорығы құрылып, оның аумағында экожүйені қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жолбарысты реинтродукциялау бағдарламасы кемінде 35 жылға есептелген және үш негізгі кезеңді қамтиды: аумақты дайындау, жыртқыштарды дайындалған аумаққа шығару және популяцияның өсуіне мониторинг жүргізу.
Қазір бағдарлама бірінші кезеңнің бел ортасына жетті: экожүйені қалпына келтіру, аумақты қорғау және тұяқты жануарлардың санын көбейту жұмыстары.
"Резерват аумағы жартылай шөлді, жайылмалы және сексеуіл ормандарынан бастап сулы-батпақты жерлерге дейінгі алуан түрлі табиғи экожүйелерді қамтитын табиғи кешен болып саналады. Мұндай қолайлы географиялық жағдай мен жемтікке бай жерлер жабайы жануарлардың және құстардың көбеюіне қолайлы жағдай туғызады. Резерваттың биотүрлілігінде сүтқоректілердің 40-қа жуық түрі, құстардың 284 түрі және өсімдіктердің 420-дан астам түрі бар, олардың көпшілігі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Мысалы, 2022 жылдың мамырында 15 мың гектарға жиде, тораңғы және тал отырғызылды", - деді Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова.
Экология министрлігінің мәліметінше, резерват аумағында визит-орталық салу жоспарланып отыр, сонымен қатар жануарларды уақытша ұстау және ветеринарлық тексеру жүргізуге арналған қоршаулар салуды қамтитын реинтродукция орталығын құру жұмыстары басталды. Орталықта жыртқыштардың қозғалысын қадағалап, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлер орналасады.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында қазақстандық және ресейлік ғалымдар тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Айта кетері, реинтродукциялау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен қатар, Қазақстан жолбарысты жаңғырту жөніндегі Владивосток декларациясына қосылды.
"Меморандум жолбарысты Қазақстанға қайтару жөніндегі бірлескен нәтижелі жұмыстарға бастау болады. Сондай-ақ біз декларацияда көзделген шараларды жүзеге асыру барлық елде жолбарыстардың санын көбейтетініне сенімдіміз. Біз 12 жылдан кейін өтетін келесі форумға Қазақстан ғаламшар табиғаты үшін аса маңызды осы міндетке өз үлесін қосуға дайын болады деп үміттенеміз. Бұл форум қарым-қатынасты нығайтып, жолбарыс популяциясын сақтаудың шешімін табуға жақындататынына сенімдіміз", - деп атап өтті Әлия Шалабекова.
© Photo Қазақстандық делегацияның құрамы

Қазақстандық делегацияның құрамы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Қазақстандық делегацияның құрамы
Жолбарысты Қазақстанға қайтару бағдарламасы ұзақ мерзімге арналған. Оны WWF Ресей, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ қолдауымен Экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті жүзеге асырады.
Sputnik Қазақстан – Орталық Азиядағы WWF-тің ақпараттық серіктесі.
Жаңалықтар
0