https://sputnik.kz/20220906/qazaqstanda-investitsiyalyq-viza-engiziledi--27320284.html
Қазақстанда инвестициялық виза енгізіледі
Қазақстанда инвестициялық виза енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар әзірленіп жатыр 06.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-06T09:54+0500
2022-09-06T09:54+0500
2022-09-06T09:54+0500
экономика
инвестиция
виза
https://sputnik.kz/img/1280/69/12806986_0:0:2886:1623_1920x0_80_0_0_19c5ea45942f439d2c15bcf6ddd375dd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан шетелдік бизнесмендер үшін инвестициялық виза енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Виза Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан астам инвестиция құйған кәсіпкерлерге беріледі. Сондай-ақ жер қойнауын игеруге инвестиция тарту үшін заңнамаға рәсімдерді оңайлату бойынша тиісті өзгерістер енгізіледі. Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар әзірленіп жатыр. Соның ішінде инвестициялық жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу жоспарлануда. Сәулет-құрылыс қызметін реформалау, сондай-ақ ескірген құрылыс стандарттары мен нормаларын өзектендіру мақсатында тұжырымдамалық жаңа құжат – Қала құрылысы кодексі қабылданады. "Самұрық-Қазына" қорының қызметі стратегиялық маңызды секторлардағы компаниялар акцияларының мажоритарлық пакетіне ғана иелік ететін инвесторға қайта форматталады. Барлық шара президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасында көзделген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1280/69/12806986_324:0:2488:1623_1920x0_80_0_0_53869fa68d3dcb7f20426b402c4c713e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
инвестиция, виза
Қазақстанда инвестициялық виза енгізіледі
Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар әзірленіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан шетелдік бизнесмендер үшін инвестициялық виза енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Виза Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан астам инвестиция құйған кәсіпкерлерге беріледі.
"Ел экономикасына бір уақытта үш жүз мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге инвестициялық визаны енгізу үшін Көші-қон саясаты тұжырымдамасына және "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына өзгерістер енгізіледі", - деді Қуантыров үкімет отырысында.
Сондай-ақ жер қойнауын игеруге инвестиция тарту үшін заңнамаға рәсімдерді оңайлату бойынша тиісті өзгерістер енгізіледі. Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар әзірленіп жатыр.
Соның ішінде инвестициялық жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу жоспарлануда. Сәулет-құрылыс қызметін реформалау, сондай-ақ ескірген құрылыс стандарттары мен нормаларын өзектендіру мақсатында тұжырымдамалық жаңа құжат – Қала құрылысы кодексі қабылданады.
"Самұрық-Қазына" қорының қызметі стратегиялық маңызды секторлардағы компаниялар акцияларының мажоритарлық пакетіне ғана иелік ететін инвесторға қайта форматталады.
Барлық шара президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасында көзделген.