WhatsApp қолданушы өз-өзіне хабарлама жіберетін функцияны сынауға кірісті

© Photo : Pixabay /antonbeWhatsapp
Whatsapp - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2022
Жазылу
WhatsApp-тың қазіргі нұсқасында пайдаланушылар өз нөміріне хабарлама жібере алмайды
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. WhatsApp мессенджерін әзірлеушілер пайдаланушыға өзіне хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін функцияны енгізумен айналысып жатыр, деп хабарлайды 91mobiles порталы.
Ұқсас функция бәсекелес Telegram-да бірнеше жылдан бері қолжетімді. Бұл опция пайдаланушылар маңызды немесе шұғыл нәрсені сақтағысы келгенде қажет.
Хабарланғандай, жаңашылдық WhatsApp-тың Android және iOS жүйесіне арналған бета-нұсқасында, сондай-ақ WhatsApp жұмыс үстелінде жақында пайда болады.
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
WhatsApp-та "ақылды" сағат арқылы қоңырау шалу функциясы пайда болады
Жаңалықтар
0