Әртүрлі саяси күштер президенттікке үміткер болады деп ойлаймын – Әшімбаев

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы президент сайлауында Тоқаевтан бөлек кандидат болатынына сенімді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында спикер Қазақстанда әртүрлі саяси күштер бар екенін, сол себепті Тоқаевтан басқа да лайықты үміткерлер болатынын атап өтті.
"Үміткерлер жоқ деп айтпайық. Қазақстанда әртүрлі саяси күштер бар, әртүрлі мүдделер бар. Сол себепті алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан басқа да үміткерлер түседі деп ойлаймыз. Бірақ көріп отырсыздар, бүгінгі күні халқымыздың басым көпшілігі президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бағдарламасын қолдап жатыр", - деді Әшімбаев.
Осы орайда сенат төрағасы әділетті Қазақстанның негізгі мақсаттарын еске салды.
"Бағдарламаның негізгі мақсаты – әділетті Қазақстан құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелерді шешу, мемлекеттік капитализмнен кету, бизнесті дамыту, әртүрлі топтарды тәртіпке шақыру. Сондықтан Қазақстан халқы осы өзгерістерді қолдайтынына толықтай сенемін", - деп түйіндеді Әшімбаев.
Жаңалықтар
0