Спорт

Қазақстанның боксшы қыздары Польшада өткен турнирде 11 медаль жеңіп алды

© Photo : Olympic.kzНазым Қызайбай
Назым Қызайбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2022
Жазылу
Халықаралық әйелдер турнирінде Қазақстан қоржынына үш алтын түсті
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Бокстан Қазақстан құрамасы Польшада өткен халықаралық әйелдер турнирінде сәтті өнер көрсетті. Спортшыларымыз 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алуа Балқыбаева, Назым Қызайбай және Карина Ибрагимова алтыннан алқа тақты.
Валентина Хальзова күміс жүлдегер атанды.
Ал Балауса Муздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан, Мадина Нұрашева үшінші орын иеленді.
Жаңалықтар
0