"Үздік педагог" байқауының жеңімпаздары 3 млн теңге сыйақы алады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуУчитель в классе
Учитель в классе - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек - Sputnik. Ұстаздар күні қарсаңында елімізде "Үздік педагог" байқауы басталды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлдігінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, жеңімпаздарға 3 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі. Былтыр еліміздің әр өңірінен 64 мұғалім 3 млн теңгеден алған болатын. Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау 12 қыркүйекте басталып, 2022 жылғы 22 қыркүйекке дейін жалғасады.
Байқау туралы ақпарат еліміздің барлық 380 мың мұғалімі пайдаланатын kundelik.kz жүйесінде орналастырылады.
""Үздік педагог" атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл - балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. Бір айта кетерлігі, жылдан жылға үміткерлер саны ғана емес, олардың дайындық деңгейі де артып келеді. Бұл жалпы білім сапасы мен педагог мәртебесінің артқанын көрсетеді", - деп түсіндірді оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова
Байқау үш кезеңнен тұрады: - I кезең – аудандық, қалалық деңгей; - II кезең – облыстық деңгей; - III кезең – республикалық деңгей.
Екі байқаудың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған мұғалімдер республикалық деңгейге өтеді.
Жаңалықтар
0