Елорда атауының өзгеруі: республикалық маңызы бар жолдардағы белгі ауыстырыла бастады

© Қазавтожол ұлттық компаниясының баспасөз қызметіЕлорда атауының өзгеруіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың ақпараттық панно ауыстырылмақ
Елорда атауының өзгеруіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың ақпараттық панно ауыстырылмақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Елорда атауының өзгеруіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 467 ақпараттық панно ауыстырылады, деп хабарлады "Қазавтожол" ұлттық компаниясы.
"Бүгінгі таңда 100-ге жуық ақпараттық панно демонтаждалды. Жұмыстар жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, ақпараттық панноларды ауыстыру республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының атауын Астана деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңалықтар
0