Ақмолалық полицейлер із-түзсіз жоғалған балықшыны тапты

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Ақмолалық полицейлер із-түзсіз жоғалған балықшыны тапты, деп хабарлады Polisia.kz.
Жақсы ауданындағы Белағаш ауылының тұрғыны 18 қыркүйекте аудандық полиция бөліміне 17 қыркүйек күні сағат 12:00-де өзімен бірге тұратын 65 жастағы ер адам балық аулауға кетіп, қайтып келмегенін хабарлады.
Жоғалған балықшыны іздеуге Жақсы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. 3 іздеу тобына бөлінген полиция қызметкерлері ауылдың айналасын, аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алды.
Ер адамды іздеу екі күнге созылды. 19 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында Жақсы ауылының маңынан полиция қызметкері Бегарыс Мырзамсейітов ауыл тұрғынын тауып алды. Алкоголь ішкен ер адам қараусыз қалған құрылыстың жанында ұйықтап жатқан. Ер адамды табуға балық аулауға барған велосипедтің іздері көмектесті.
Қазіргі уақытта зейнеткер үйінде, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Жаңалықтар
0