Қазақстанда алғаш рет 3D-технологияның көмегімен жамбас сүйегіне ота жасалды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация, архивтегі фото
Операция, архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет онкохирургтер 3D-технологияның көмегімен жамбас сүйегін қалпына келтіру операциясын жасады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Операция Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының сүйектердің, жұмсақ тіндердің және меланомалардың ісіктері орталығында жүргізілді.
23 жастағы науқасқа "Хондросаркома" диагнозы қойылды.
"Науқасқа ҚазОжРҒЗИ-да мультидисциплинарлық дәрігерлер тобы кеңес берді. Бұрын бұндай жағдайларда хирургтар жамбас сүйектерінің зақымдалған аймағын алып тастауға мәжбүр болды. Бұл жамбас қуысының тұтастығын бұзады, адам жүрісінің бұзылуына, науқас омыртқасының қисаюына әкеледі. Бірақ емделушінің жасын ескере отырып, онкохирургтар өз алдына ісікті алып тастап қана қоймай, науқастың өмір сапасын да сақтап қалу мақсатын қойды", - деді онкохирург Ғани Серікбаев.
Осы жобаны іске асыру үшін Coln3d (Гонконг, Қытай) компаниясымен ұзақ мерзімді меморандум жасалды. Науқастың КТ-деректері Гонконгқа жіберілді. Гонконгта 3D-басып шығару арқылы кобальт-хром қорытпасынан арнайы протез жасалды.
Операция 2022 жылдың қыркүйек айында ҚазОжРҒЗИ-да өтті. Операция барысында пациенттің қыр-мықын сүйегінің қанаты, сондай-ақ ісіктен зардап шеккен жұмсақ тіндер алынып тасталды.
Компьютерлік және 3D технологиялар қолданыла отырып, жеке мәліметтер бойынша жасалған жеке эндопротезбен жамбас сүйектері қалпына келтірілді. Ота 3 сағат болды.
Отадан кейінгі кезеңде асқыну болмады, науқас операциядан кейін 5-ші күні белсенді қимылдай бастады.
Жаңалықтар
0