Мәдениет

"Евровидение-2023" Ливерпульде өтеді

© Pixabay / MaxpinsooЛиверпуль
Ливерпуль - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. 2023 жылы "Евровидение" музыкалық байқауы Украинаның орнына Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтеді.
Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) қауіпсіздік мақсатында осындай шешім қабылдады.
Өткен жылы байқаудың жеңімпазы атанған Украинаға бұл жолы артықшылық беріледі – бұл елдің өкілі бірден финалға өтеді.
Еске салсақ, 2022 жылы украиналық Kalush Orchestra "Евровидение" байқауында Stefania әнімен жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ байқауды өткізу құқығына Глазго қаласы да таласқан болатын.
Жаңалықтар
0